«Дипломмен моноқалаға» жобасын іске асыру мәселесі пысықталып жатыр – Смайылов

8 Сәуір 2022, 15:33
1674
Бөлісу:
«Дипломмен моноқалаға» жобасын іске асыру мәселесі пысықталып жатыр – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының «Дипломмен ауылға» жобасына қатысты сауалдарына жауап берді. Сөзінше, Үкімет «Дипломмен ауылға» жобасына ұқсас «Дипломмен моноқалаға» жобасын қарап жатыр.

«Дипломмен ауылға» жобасының негізгі мақсаты - әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну арқылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін ынталандыру және тұрақтандыру.

Моно және шағын қалаларға келетін мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мәселесін мүдделі мемлекеттік органдар бірнеше рет қарады. Қалаға келетін мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда, ауылдық жерлерден мамандардың кету қаупі бар және ауылдарда кадрлар тапшылығының одан әрі ұлғаюы мүмкін, - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министрдің жауабында қазіргі уақытта Мемлекет басшысының Моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі 2021 жылғы 4 қарашадағы тапсырмасы шеңберінде моноқалаларда білім беру және денсаулық сақтау саласында кадрлар тапшылығы проблемаларын шешу үшін жастарды әлеуметтік қолдау шараларын, оның ішінде «Дипломмен ауылға» жобасына ұқсас «Дипломмен моноқалаға» бастамаларын іске асыру тетігі мәселесі пысықталып жатыр.

Оның сөзінше, «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. 

Мәселен, 2011 жылы тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит мөлшері 630 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, 2019 жылы көтерме жәрдемақы мөлшері ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандар үшін 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін арттырылды. Әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына бюджеттік кредит беру шарттары өзгертілді, бұл тұрғын үйі жоқ мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен неғұрлым тиімді қамтуға ықпал етеді, - деп айтты Министрлер кабинетінің басшысы.

Өзгелердің жаңалығы