Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкіметтің онлайн отырысы кезінде айтты.
Ауыл мен қала мектептерінің арасындағы білім сапасын теңестіру үшін жүйелі шаралар қабылданады. Ауылдық шағын жинақы мектептер педагогтарына еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту ұсынылды. «Мобильді мұғалім» жобасын іске асыру, мықты мектептердің әлсіздерге қамқорлығы, «Уақытша отбасы» жобасын іске асыру, интернаттар салу жоспарда бар, - деді Аймағамбетов.
Балалардың құқығын қорғауға қатысты кибербуллинг, суицидтың алдын алу мәселелерін шешу бойынша тиісті кешенді шаралар да көзделеді.
Балаларды секциялармен қамту деңгейін арттыру үшін жаңа механизмді енгізу жоспарлануда. Ол қосымша білім беруде мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы жүргізу ұсынылады. Оқушылар бұқаралық спорт түрлерімен қамту, ұлғайту жөніндегі жұмыс жаңа дейгейде ұйымдастырылады. Мектептерде спорт залдарын салу, ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша спорт лигалары дамитын болады, - деді министр.
Министрдің айтуынша, үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу ерекше маңызға ие. Осы тұрғыда бейресми білім берудің нәтижелерін растау жүйесі де қайта қарастырылады. Тәуелсіз сертификаттау орталықтарының, оның ішінде өз бетінше мамандық иегерлері үшін де біліктілік беру одан әрі дамытылады.
Барлық деңгейдегі білім алушының кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жөніндегі жұмыс білім берудің бүкіл деңгейінде жүргізіледі. Пәннің мазмұны еңбек нарығының сұраныстырын ескере отырып, «Атамекен» ҰКП-мен бірге бұл жұмыс ұйымдастырылады. Сондай-ақ цифрландыру бойынша профильді министрлікпен жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі уақытта тиісті кешенді жоспарды дайындадық, - деді ол.
Мектептер мен ЖОО-да экологиялық тәрбиелеу жөніндегі жұмыс басталды.
Білім алушылардың экологиялық мәдениет, экологиялық білім және тәрбие деңгейін арттыру мақсатында үздіксіз экологиялық білім берудің кешенді моделі енгізілетін болады. Мектеп бағдарламаларына экологиялық білім беру мәселелері кіріктіріліп жатыр, - деді Аймағамбетов.
Білім министрі дипломдарды басып шығаратын ЖОО-ларды жабу жұмысы жалғасып жатқанын айтты.
Министрлік дипломдарды "басып шығарумен" айналысатын университеттерді жабу мәселесіне қатысты жұмысты жалғастыруда. Жыл басынан бері 35 мыңнан астам студент оқитын ЖОО азайтылды. Оған қоса, 23 ЖОО-ның 56 лицензияның қосымшалары қайтарылды. Талаптар айтарлықтар күшейтілуде. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 24 ЖОО-ны тексеру аяқталады. Нәтижесінде заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, - деді Асхат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз: