Дипломат сахнада сөз сөйлеп тұрып қайтыс болды

10 Тамыз 2022, 15:45
946
Бөлісу:
Дипломат сахнада сөз сөйлеп тұрып қайтыс болды

Саудиялық белгілі дипломат әрі кәсіпкер Мұхаммед әл-Кахтани Египетте сахнада сөз сөйлеп тұрған жерінде қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Pledge Times агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай дипломат Каирде халықаралық, өңірлік және араб ұйымдары мен органдары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан араб-африкалық конференцияда сөз сөйлеп тұрған кезде орын алған. 

Мұхаммед әл-Кахтани – «Әл-Салам» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы. Ол көпшілік алдына шығып, сөз сөйлеп тұрып, есінен танып құлап қалған. Дереу ауруханаға жеткізілгенімен, құтқару мүмкін болмады. Саудиялық дипломаттың өліміне не себеп болғаны белгісіз. 

Өзгелердің жаңалығы