Динара Садуақасова құрметті президент атанды

13 Наурыз 2023, 11:04
1519
Бөлісу:
Динара Садуақасова құрметті президент атанды

Бұл туралы белгілі шахматшы, халықаралық гроссмейстер Динара Садуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті достар! Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліспекшімін. Астана шахмат Федерациясының құрметті президенті болып сайландым. Оған себепкер, шахматқа жаныашыр, қолдаушы Астана қалалық федерация Президенті Абзал Сағымбаев мырзаға рахмет айтқым келеді. Абзал Екрамбекұлының ұсынысымен Федерация құрылтайшылары мен атқару комитетінің қызметкерлері бір ауыздан қолдады, - деді ол.

Ол өз алғысын білдірді.


Осы мақсатта мен шахматты одан әрі насихаттап, дамытуға маған білдірген сенімдеріңіз бен үміттеріңізді ақтауға тырысамын. ФИДЕ спорт комиссиясында тәжірибесі бар ЮНИСЕФ-тің ізгі  елшісі ретінде өз білімім мен энергиямды барымша шахматтың көркеюіне жұмсаймын. 
Шахмат жұртшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, Абзал Екрамбекұлымен бірлесе жұмыс жасаса Астана шахмат Федерациясы одан да белсенді әрі беделі биік болатынына сенемін. Алда өршіл мақсаттар тұр. Көп жұмыс, сәттілік тілеймін, - деді Динара Садуақасова.

Өзгелердің жаңалығы