Динара Сәдуақасова кәсіби шахмат клубын құру идеясымен бөлісті

6 Маусым 2021, 16:22
1638
Бөлісу:
Динара Сәдуақасова кәсіби шахмат клубын құру идеясымен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайында балалар мен жастарды дамыту орталығының ресми ашылуы барысында танымал қазақстандық шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова айтты.

Ол іс-шара барысында Кәсіби шахмат клубын құру идеясымен бөлісті.

Танымал шахматшы балаларға авторлық кітаптар мен басқа авторлардың түрлі оқулықтары бойынша шахмат ойынының қыр-сырын үйретеді.

Бұл кітаптардың ерекшелігі - өз партияларымның негізінде шахматты қалай тез ойнауды үйренетінімді айтамын. Бұл кітаптар арқылы балалар үйде жаттығулар жасай алады. Олар мәселелерді шешіп, мысалдарды көре алады. Екінші кітап та қазақ тілінде жарық көрді. Қазақ тілді аудитория үшін қажеттілік сезіліп келеді, - деп айтты Динара Сәдуақасова.

Мектептің негізгі филиалы елордада және Атырауда орналасқан.

Әр түрлі салада осындай мектептер ашу туралы ұсыныс келіп түсуде, бірақ оқыту сапасы бізді алаңдататындықтан, шахмат білімі мен әдістерін дұрыс беру маңызды. Сол себепті асықпай, біртіндеп ашылатын боламыз. Біз үшін балалармен байланыс орната алатын жақсы мұғалімдердің сабақ беруі маңызды, - деген пікір білдірді гроссмейстер.

Оның айтуынша, әр баланың өз қабілеті бар. Мектепке бес жастан бастап, бірақ балалардың қабілеттері бойынша ерте жастан бастап қабылданады.

Бізде Қазақстанның түкпір-түкпірінен талантты, дарынды балаларды жинап, чемпиондар мен мықты шахматшыларды құруға көмектесетін кәсіби клуб құру идеясы бар, - деп ұсынысымен бөлісті Сәдуақасова.

Айта кетейік, бүгін Тәуелсіздік сарайында Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясы ашылды. Онда балалар мен жастардың шығармашылық және спорттық әлеуетін ашуға арналған түрлі үйірмелер орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы