Дін агрессиялық түрде талқыланып жатыр

17 Қазан 2023, 11:56
2485
Бөлісу:
Дін агрессиялық түрде талқыланып жатыр
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дін мәселесі неге қоғамда қызу талқыланып кеткенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет баспасөз қызметінде өтіп жатқан брифингте БАҚ өкілі министрге “Әлеуметтік желіде діни талқы қызып тұр. Діни дау әдейі ұйымдастырылып жатыр ма?” деп сұрады.

Менің ойымша, бұл заманның ерекшелігіне байланысты. Өйткені әлеуметтік желілерді әр адам өзінің пікірін жазып, сұхбаттарын беріп жатады. Өздеріңізге мәлім, Бұл Ата заңымызда адамның сөз бостандығы мен ой бостандығы туралы жазылған. Сондықтан мұны әлеуметтік желінің ықпалы деп ойлаймын, - деді Балаева.

Министрдің сөзінше, мемлекет тарапынан ондай шара ұйымдастырылып отырғанын жоқ.

Мемлекет - ел тұрақтылығын сақтауға және тұрақты дамуына мүдделі. Қазіргі үрдісті айтсам, біз бір адамның пікірін жан-жақты сараламай я болмаса мазмұнын толық білмей, талқылап, өзіміз ойдан шығарылған пікірлерді айтып жатамыз. Меніңше, бұл дұрыс емес, – деп түсіндірді Балаева.

Ведомство басшысының пікірінше, әр дін (ислам, христиан, будда) бейбітшілікті насихаттауы керек.

Өкінішке қарай дін мәселесі - агрессиялық түрде талқыланып кетті. Оған жол бермеуіміз керек. Бұл жерде БАҚ-тың рөлі зор, – деді Балаева.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Балаева отырыс барысында отбасындағы зорлық-зомбылық жайында сөз қозғады.

Өзгелердің жаңалығы