Димаштың Малайзияда өтетін концерті кейінге қалдырылды

22 Қазан 2022, 08:29
1034
Бөлісу:
Димаштың Малайзияда өтетін концерті кейінге қалдырылды

Малайзия Димаштың концертін кейінге қалдырды деп хабарлады BAQ.KZ.

Бұл туралы мәлімет Instagram-дағы @acomedia.one парақшасында жарияланған.

Осыған дейін Димаш Құдайбергеннің концерті Малайзияның астанасы Куала-Лумпурда Axiata Arena Bukit Jalil аренасында өтетіні айтылған болатын. Әншінің шоу концерті 19 қараша күні өтетіні айтылса, билеттер сатылымы 21 қазанда Ticket2U сайтында басталу керек болған. Алайда Малайзияда өтетін сайлауға байланысты шоу кейінге қалдырылған.

Аcomedia.one мәліметіне қарағанда, Димаш Құдайбергеннің концерті өткізілетін күн қараша айында хабарланатын болады.

Концерттің кейінге шегерілгені туралы жазбаға әншінің фанаттары пікір қалдырған. Олардың бірі осы концерт үшін алған ұшақ билеті мен қонақ үйдегі орнының ақысы қайтарылмайтынын айтып, өкінішін білдірген.

Өзгелердің жаңалығы