"Димашқа ұқсайды". Маскадағы жігіт зардап шеккендерге 1 млн доллар бөлді

16 Сәуір 2024, 12:05
1504
Бөлісу:
"Димашқа ұқсайды". Маскадағы жігіт зардап шеккендерге 1 млн доллар бөлді
Фото: instagram.com/chelovekvmaskee

Маска таққан жігіт су тасқынынан зардап шеккендерге бір миллион доллар бөлді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Есімі белгісіз қайырымды жігіт бұл қайырымдылық ісі туралы өзінің әлеуметтік желісінде жариялады.

Біз ең ауқымды көктемгі су тасқынымен күресіп жатырмыз. Төтенше жағдай шамамен еліміздің 10 облысында жарияланды. Бүгінгі 108 мыңдай адам эвакуацияланды. Су астында 5 мыңнан астам үй қалды. 8 мыңнан астам мал қырылды, - деді маска таққан жігіт.

Ол қазір су тасқынының екінші деңгейіне дайындық жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сіздермен күшімізді біріктіріп, су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн доллар (450 078 200 теңге) бөлеміз. Волонтерлер мен құтқарушыларға, шетелден көмекке келген азаматтарға шексіз алғысымды білдіремін. Барлығымыз бірге бұл табиғи апатты еңсереміз, - деді жұмбақ отандасымыз.

Айта кетейік, белгісіз жігітті әлеуметтік желіде көбі әнші Димаш Құдайбергенге ұқсатып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы