Димаш жеке концертінен кейін жанкүйерлерімен кездесті

25 Қыркүйек 2022, 01:11
1258
Бөлісу:
Димаш жеке концертінен кейін жанкүйерлерімен кездесті

Алматыда танымал әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерімен кездесті. Фан-кездесу "Almaty Arenа" кешенінде өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әншінің жанкүйерлерімен кездесуі кешкі сағат 21:00-де ұйымдастырылды. Шараның кей сәттерін Қазақстан телеарнасының Тelegram-арнасы жариялады. Фан-кездесу аясында әртіспен суретке түскен жанкүйерлерді керемет бағдарлама әсерге бөлей түскен.

Сонымен қатар бұл кездесуге әртістің ата-әжесі де келіпті. Жанкүйерлер бір күн бұрынғы шоу-бағдарламаны жоғары бағалап, керемет деңгейде өткенін айтуда.

Кездесу аясында Димаш жанкүйерлердің ойындағы бірқатар сауалдарға да жауап берді. Оның ішінде Генадий Головкиннің жекпе-жегінде әнұранды орындау сәті де бар. Сонымен қатар, шарада әншінің арнайы дайындаған әндері орындалды.

Өзгелердің жаңалығы