Димаш тағы бір әлемдік брендпен келісімшартқа отырды

2 Қараша 2019, 17:37
2292
Бөлісу:
Димаш тағы бір әлемдік брендпен келісімшартқа отырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бүкіләлемдік танымал сағат брендінің амбассадоры атанды. 

Нью-Йорктен фотосурет. Біз Майкл Джексонмен және басқа да әлемдік жұлдыздармен ынтымақтасқан әлемдегі үздік сағаттардың негізін қалаушы Джейкоб мырзамен суретке түстік. Қазір мен Jacob & Co. @jacobandco амбассадорымын, - деп жазды өзінің инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетейік, Jacob & Co - бұл зергерлік бұйымдар және сағат сататын компания. Оның негізін  гауһар тасты дизайнер Джейкоб Арабо 1986 жылы қалаған. Компанияның жетекші бутигі және штаб-пәтері Нью-Йорк қаласындағы Манхэттенде орналасқан.
Өзгелердің жаңалығы