Димаш Құдайбергеннің туған күні Малайзияда ерекше аталып өтті

24 Мамыр 2022, 18:00
1535
Бөлісу:
Димаш Құдайбергеннің туған күні Малайзияда ерекше аталып өтті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әншінің фанаттары қатерлі ісікпен күресіп жатқан балаларға көмектесті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мереке Джорджтаун қаласындағы ауруханада өтті. Димаш фан-клубының мүшелері мен олардың достары 35 балаға ойыншықтар, кәдесыйлар және жеке гигиена құралдарын сыйға тартты. Қазақстан елшілігінің өкілі фан-клуб пен аурухананың кішкентай емделушілеріне Қазақстанға байланысты естелік сыйлықтар табыс етті. Әдеттегідей, туған күн дастарханында Димаштың бейнесі бар торт болды. Қазақстандық әнші бүгін 28 жасқа толды. Оның жанкүйерлері Малайзияда жыл сайын 24 мамырда кумиріне арналған түрлі шаралар өткізеді. 

Димаш – бәрі бір-бірін ойлайтын, біртұтас әлемді көруді армандайтын, қазақтың аса құрметті өнерпазы. Оның жырларындағы лебіздері көптің жүрегін елжіретіп, игі істерге баулиды. Димаш балаларды қолдайды, өйткені олар – біздің болашағымыз. Оның туған күніне орай, жанкүйерлері қатерлі ісікке шалдыққан балаларға қолдау көрсетіп, оларға сыйлықтар жіберу арқылы махаббат пен қуанышпен бөлісуді шештік. Бұл олардың көңіл-күйлерін көтеріп, емделу жолында олардың жүздеріне күлкі сыйласын, – Димаштың жанкүйерлер клубының администраторы Азуа Али.

Өзгелердің жаңалығы