Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

27 Мамыр 2023, 18:37
704
Бөлісу:
Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті
Фото: BAQ.KZ

Әнші Димаш Құдайберген жуырда жарыққа шыққан "Өмір" атты әнінің шығу тарихын әлемжелідегі парақшасында түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Менің "Өмір" атты жаңа музыкалық бейнебаянымды көріп үлгергендеріңізге сенімдімін. Ол менің 25 жылдық шығармашылық сапарым туралы, оған әсер еткен адамдар мен оқиғалар туралы ой жүгірту ретінде құрылды. Сондай-ақ, бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа экранда менің ойларым мен сезімдерімді жеткізе алғаны үшін алғысымды білдіргім келеді, - деп жазды әнші желіде.

24 мамырда әнші Димаш Құдайберген 29 жасқа толды. Әншінің жанкүйерлері оны әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтады. Димаштың фотолары Нью-Йорктегі әйгілі Таймс-сквер ғимаратында да көрсетілді.

Ол өз туған күнінде жаңа бейнебаянын жариялады.

Өмір - ақ пен қара алмасқан, бақ пен нала арбасқан, қуаныш пен қайғы таласқан, теңдессіз алып кеме. Айдындағы сұрапыл толқынға да, дауылға да төтеп беруіме түрткі болып жүрген барша тыңдарманыма туған күнімнің қарсаңында шығатын, алғаш рет әуені мен сөзі жан дүниемді жарып шыққан шығарма. Бұл туынды менің өмірім жайында, - деп жазды ол сол кезде.

Өзгелердің жаңалығы