Димаш Құдайберген Үндістандағы кинофестивальдің қазылар алқасы құрамына кірді

29 Қаңтар 2023, 12:07
1061
Бөлісу:
Димаш Құдайберген Үндістандағы кинофестивальдің қазылар алқасы құрамына кірді
Фото: dimashnews.com

27 қаңтарда Ұлттық орындаушылық өнер орталығының Джамшед Бхабхи театрында кинофестивальдің ашылуы өтті. Димаш Құдайберген қазылар алқасының құрамында салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ dimashnews.com сілтеме жасап.

Қазылар алқасының мүшесі Димаш Құдайберген – поп, классикалық кроссовер, фольклорлық және опералық эстрада жанрларында әлемге әйгілі музыкалық орындаушы. Оның есімі Шығыс Еуропа мен Азияда, әсіресе Қазақстанда, туған елінде, сонымен бірге Қытайда, Ресейде 120-дан астам елде жанкүйерлер базасы бар,- деп әртісті фестивальдің ашылуында таныстырды.

Фестивальдің бірінші күні әйгілі үнді режиссері Рахул Раваил басқарған халықаралық қазылар алқасы өз жұмысын бастады. Қазылар алқасында: Нин Ин (Қытай), Гульбар Толомушова (Қырғызстан), Иван Кудрявцев (Ресей), Мехмедсаид Шохийон (Тәжікстан), Матякуб Матчанов (Өзбекстан) және Димаш Құдайберген (Қазақстан) бар.

Байқау қазылар алқасының отырысында әр елден келген әріптестер 2023 жылғы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы кинофестивалінің лауреаты атағына үміткер фильмдерді көру бойынша алғашқы нәтижелерді талқылады.

Өзгелердің жаңалығы