Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімдерін ЕҚЫҰ комиссиясы тексерді

23 Қараша 2022, 20:57
628
Бөлісу:
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімдерін ЕҚЫҰ комиссиясы тексерді

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының көпұлтты тобы десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерін тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Комиссияның тексеру нысанасы – ауданда алдын ала хабарлауға жататын әскери іс-әрекеттің болуы не болмауы. 

Нидерланды, АҚШ және Франция өкілдерінен құралған инспекциялық топқа оқу-жаттығу полигондары, атыс алаңдары, казармалар және Алматы мен Қонаев гарнизондарындағы әскери бөлімдердің басқа да объектілері көрсетілді. 

2011 жылғы Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы Вена құжатына сәйкес, Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығы ұйымдастырған брифингтер барысында ЕҚЫҰ өкілдеріне құрамалар мен әскери бөлімдердің күнделікті және оқу-жауынгерлік тыныс-тіршілігі, халықаралық оқу-жаттығуларға және бітімгершілік миссияларға қатысып жүрген әскери қызметшілер таныстырылды. 

Комиссия 25 қарашаға дейін Алматы және Қонаев қалаларының аумағында жұмысын жалғастырмақ. Инспекциялау жерде – автокөлікпен, әуеде Әскери-әуе күштерінің тікұшағымен бақылау арқылы жүзеге асырылады

Өзгелердің жаңалығы