Десантты-шабуылдаушы әскері оқушыларға әскери қызметтің бір күнін көрсетті

7 Қыркүйек 2019, 08:50
2324
Бөлісу:
Десантты-шабуылдаушы әскері оқушыларға әскери қызметтің бір күнін көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған гарнизоны десантты-шабуылдаушы әскеріндегі әскери бөлімдерде жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сынып оқушылары үшін ашық есік күні өткізілді.

ҚР Қорғаныс минитсрлігінен хабарлағандай, шараға 100 шақты жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Оқушыларды жеке құрамның күнделікті жұмыс тәртібімен, әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайымен таныстырды.

img_6268_21120.jpg
"Сонымен қатар, оқушыларға десантшылардың, альпинистердің, сүңгуірлер мен шабуылдаушы жауынгерлерінің құрал-жабдықтар мен қарулардың заманауи үлгілері, құрал-жабдықтары ұсынылды. Болашақ отан қорғаушыларға басып алудағы тактикалық оқиға мен түрлі кедергілерді кесіп өту тәсілдері көрсетілді. Оқушылардың АК-74 мылтығын шашып жинаудағы әскерилендірілген эстафетаға қатысуға мүмкіндік алуы қызығушылықтарын арттырды", - делінген хабарламада. 

Аталмыш шара, жас қазақстандықтардың патриоттық тәрбиесіне көңіл бөлу мақсатында өткізілді. 





Өзгелердің жаңалығы