Депутаттың қабылдауына келгендердің басым бөлігі баспана сұрайды

7 Шілде 2022, 14:33
1490
Бөлісу:
Депутаттың қабылдауына келгендердің басым бөлігі баспана сұрайды
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда тұрғын үй кезегінің жылжымайтындығына шағымданушылар көп. Бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракция мүшесі Дүйсенбай Тұрғановтың қоғамдық қабылдауына келген халықтың  басым бөлігі баспана мәселесін айтты.

Сондай-ақ кәсіпкерлер мұнай нарығындағы бағаларды реттеу, өнімдерін сақтауға арналған резервуарлардың құнын төмендету бойынша мәселелер көтерді. 

Депутаттың қабылдауына келгендердің басым бөлігі баспана сұрайды

Мұнай-газ саласындағы соңғы заңнамалар бойынша мұнай өнімдерін тасымалдайтын компанияда өз өндірістік базасы болуы міндетті. Алайда бұл кәсіпкердің жолын жабады. Өндірістік базаны жасақтау өте қымбат. Бұл талаптар мұнай нарығындағы бәсекелестікті болдырмайды. Егер заңнамадағы осы міндеттемелер өз күшіне енетін болса, онда мұнай тасымалдайтын мердігер мекемелердің бизнесі құлдырайды. Осы мәселеге депутаттар назар аударса деп өтінішпен келдік, – деді компания өкілі Айгүл Дүйсеналиева. 

Депутаттың қабылдауына келгендердің басым бөлігі баспана сұрайды

 

Дүйсенбай Тұрғанов бұл халықтың газ бағасына наразылығынан кейінгі заңнамалық өзгерістер екенін айтты.

Бұл мәжілісте жиі көтеріліп жүрген мәселе. Сұйытылған газды тасымалдаушы кәсіпкерлер бағаны аспандатып, бқл елдің наразылығын туғызды. Осыдан кейін мұнай және газ нарығына қатысты заңнамалық өзгерістер жасақталып жатыр. Дегенмен өтініштеріңіз де орынды. Ұсыныстарыңызды толықтырып жазыңыздар, – деді Парламент мәжілісінің депутаты.

Депутаттың қабылдауына келгендердің басым бөлігі баспана сұрайды

Қоғамдық қабылдауда Атырау облысы Қызылқоға ауданы белсенділері Ойыл өзенінің жағдайы айтып, бұған мемлекеттік деңгейде көңіл бөлуін сұрады. Сонымен қатар көптеген әлеуметік мәселелер қозғалды. 

Депутаттың қабылдауына келгендердің басым бөлігі баспана сұрайды

Бүгінгі қоғамдық қабылдауға келушілердің басым бөлігінің өтініші жергілікті атқарушы органдардың жұмысына тікелей байланысты. Өңірдегі әлеуметтік жағдай, экологиялық мәселелер айтылды. Барлық қабылдауға келушілердің айтылған, жазылған мәселелері өз қадағалауымда болады. Облыс басшыларымен кездесіп, шешу жолдарын қарастырамыз, – дейді ҚР Парламент мәжілісі депутаты Дүйсенбай Тұрғанов

Өзгелердің жаңалығы