Депутаттар уәдесіне абай болуы тиіс – вице-министр

7 Қараша 2022, 13:22
1277
Бөлісу:
Депутаттар уәдесіне абай болуы тиіс – вице-министр

Бұл туралы Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Енді депутаттар сайлауалды бағдаламасын дайындаған кезде өте сақ болғаны жөн! Себебі халық қалаулысы берген уәделерін орындамаса, қоғам сұранысын қанағаттандырмаса, мандатынан бір сәтте айырылуы мүмкін.Бүгіннен бастап депутаттық мандатты қайтарып алу институты енгізілді. Бұл өз кезегінде халық қалаулыларының жауапкершілігін арттырып, сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруға ынталандырмақ дейді,- вице-министр Алма Мұқанова орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін вице-министр Президент құзіретін шектейтін заң нормалары туралы айтқан болатын.

Заңда Парламент Сенатының депутаттарын, Конституциялық және жоғары сот кеңесінің төрағаларын тағайындау жөніндегі Президенттің өкілеттігін өзгертуге қатысты нормалар көзделген. Президенттің қайта сайлау құқығынсыз жеті жыл мерзімге сайланатындығы туралы Конституцияның жаңа ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған нормалар бекітілді, - дейді Мұқанова орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте. 

Өзгелердің жаңалығы