Депутаттар Семей ядролық полигонының аумағындағы қауіпсіздік мәселесін талқылады

27 Маусым 2023, 21:30
1131
Бөлісу:
Депутаттар Семей ядролық полигонының аумағындағы қауіпсіздік мәселесін талқылады
Фото: Сенат баспасөз қызметі

Сенаторлар бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны мен оған іргелес жатқан жерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңдарды талқылады.

«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заңның негізгі мақсаты бұрынғы ядролық полигон аумағында және оған іргелес жатқан жерлерде радиациялық және экологиялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін ұстап тұруды қамтамасыз ету, осы жерлерді пайдалану, аумақты оңалту, еліміздің ғылыми әлеуетін дамыту және ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалануда Қазақстанның ұстанымын нығайту мәселелерінде мемлекеттік бақылауды күшейту болып табылады.

Сенаторлар сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын да талқылады.

Сенаторлардың айтуынша, Семей ядролық қауіпсіздік аймағының құрылуы жерді пайдалану, радиоэкологиялық мониторингті ұйымдастыру және елдің ғылыми әлеуетін дамыту мәселелерінде мемлекеттік бақылауды күшейтеді.

Сенат комитетінің мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы