Депутаттар Каспий теңізінің экологиясына қатысты заңды қабылдады

14 Қазан 2021, 10:36
2767
Бөлісу:
Депутаттар Каспий теңізінің экологиясына қатысты заңды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Дүйсенғазы Мусин атап өткендей, Каспий теңізі - қайталанбас фаунасы мен флорасы бар экономикалық және әлеуметтік маңызы зор стратегиялық аймақ, сондықтан да өте мұқият қорғауға жататын ұлттық байлығымыз болып саналады.

Оның экологиялық жағдайы, әсіресе, теңіздің биологиялық әртүрлілігін сақтау және табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану ерекше назарды аударуды талап етеді. Қаралып отырған заң жобасы Каспий маңы мемлекеттерінің қоршаған ортаны және Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын қорғауға және орнықты пайдалануды бірлесіп қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттеуге бағытталған. Хаттаманы ратификациялау Каспий теңізінің бірегей теңіз ортасы мен биологиялық әртүрлілігін, сондай-ақ жойылып кету қаупі төнген және эндемикалық флора мен фаунаны сақтау шараларын қабылдауды көздейді, - деді сенатор.

Сонымен қатар заң жобасы Каспий теңізінің жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіне теріс әсер ететін қызметтерді реттеуге, антропогендік факторлардан теңіз ортасының ластануын болғызбауға және ерекше маңызды объектілерді қорғауға мүмкіндіктер туғызады.

Оның сөзінше, хаттамаға қосылу Каспий маңы мемлекеттерінің көпжақты ынтымақтастығы аясында теңіз экожүйелерін қорғау жөніндегі жедел және тиімді шараларды іске асыруға ықпал етеді.

Сенат депутаттары «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы