Депутаттар елдегі жағдайға байланысты Үкіметке сауал жолдады

5 Қаңтар 2022, 11:19
1774
Бөлісу:
Депутаттар елдегі жағдайға байланысты Үкіметке сауал жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар елдегі жағдайға байланысты Үкіметке сауал жолдады.

Мәжіліс депутаттары Премьер-министрдің міндетін атқарушы Әлихан Смайыловқа Маңғыстау облысының тұтынушыларына арналған сұйытылған мұнай-газына бағаның көтерілуіне байланысты депутаттық сауал жолдады.

Сұйытылған мұнай-газға бағаның көтерілуі азаматтардың наразылығын туғызып, аймақта әлеуметтік шиеленісті күшейтіп жібергені белгілі. Жағдай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауына алынды. Президенттің тапсырмасы бойынша үкіметтік комиссия жұмыс істеді, - деп атап өтті депутат Бақытбек Смағұлов.

Депутат проблема жаңа жылдың алғашқы күндері шиеленіскеніне қарамастан оның алғышарттары бұрынырақ та белгілі бола бастағанын атап өтті.

Сұйытылған газ орнына, отынның тапшылығына, баға мәселелерін белгілеуге қатысты сұрақты Мәжіліс депутаттары да көтерген еді. Энергетика министрлігі бағаның бұлайша өсуін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап сұйытылған газдың 100 пайыз электронды сауда арқылы сатылатынын түсіндірді. 3 жыл ішінде заң күшіне енгеннен кейін сауда алаңында нарықтық тетіктер қалыптасып үлгермеді. Сауда-саттықты энергетика министрлігі қолмен басқару режиміне өткізді. Аукцион электронды алаңдар тетігінің беделін кетіріп, нәтижесіне қол жеткізбеді. Сөйтіп бүгінгі күнгі дағдарысты жағдайға әкелді, - деді ол.

Оның сөзінше, елімізде сұйытылған газ сатудың бірыңғай ұлттық нарығы қалыптаспады. Оның есесіне сұйытылған газ тапшылығы орын алды. Көрсеткішісі 2021 жылы 15 пайызға жетті.

Сонымен қатар бірқатар аймақта сауда-саттық нәтижесінде көтерме баға керісінше, төмендегенін көріп отырмыз. Бұл бөлшек сауда бағасын қалыптастыруда проблемалардың бар екенін көрсетеді. Үкімет бұл мәселені қарастырып, шешуі керек. Былтыр Парламент көтерме сауда нарығындағы алып-сатарлықты жою және сауда-саттықтың ашықтығын арттыру мақсатымен кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізді. Заң күшіне енді, алайда, Энергетика министрлігі сұйытылған газды өткізудің жаңа ережелерін әлі күнге дейін жасаған жоқ. Осы өзекті мәселелерді реттемейінше, бағаның шарықтауы сұйытылған газға ғана емес, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көптеген түрінен байқалады. Түптеп келгенде бұдан қарапайым тұтынушы зардап шегеді, - деп түсіндірді Мәжіліс депутаты.

Депутаттар елде болып жатқан оқиғаларға күйзелгендерін айтты.

Ел Президентінің жедел шешімімен жеке бақылау жағдайды шешуге және өзара тиімді шешім қабылдауға кепілдік берді. Барлығымыз тыныштық пен қоғамдағы тұрықтылықты сақтауға және өзара тиімді шешім қабылдауға, жауапкершілікті танытуға тиіспіз, - деді Бақытбек Смағұлов.

Бұл депутаттық сауалды Nur Otan, Ақжол, Қазақстанның халық партиясы фракциясының және ҚХА депутаттары жолдады.

Өзгелердің жаңалығы