Депутаттар ашық популизмнен ада болу керектігі айтылды – Есенай Іңкәрбаев

29 Қаңтар 2022, 16:25
2805
Бөлісу:
Депутаттар ашық популизмнен ада болу керектігі айтылды – Есенай Іңкәрбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Депутаттар мен фракция мүшелері Президент айтқандай, жалғандықтан, ұраншылдық пен ашық популизмнен ада болып, алда жүргізілетін реформаларды сапалы заңдармен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы саясаттанушы Есенай Іңкәрбаев айтты. 
  
 

Қазақстанның жаңаша тарихына естен кетпес қаралы күндер тізбегімен енген 2022 жылдың қаңтар айындағы халық үлкен үмітпен күткен саяси маңызды оқиғалардың қатарына «Nur Otan» партиясының кезектен тыс өткен XXI съезі кіретіні анық. Мемлекеттің басына түскен қиын күндер, қоғамның тұтастығы мен қасиетті тәуелсіздігіне қатер төнген сын сағаттардан соң, қалың жұртшылықтың жоғары билік пен билеуші партияға сенімі азайғаны шындық. Алайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі елімізде орын алып отырған терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан прагматикалық саяси реформалар негізінде күшті мемлекет ретінде түлеп шығу мүмкіндігі бар екендігін аңғартқан соңғы нық мәлімдемесі мен көп күттірмей бастап кеткен нақты іс-әрекеттері қалың жұртшылықтың көңілінен шыға бастады, - деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының доценті.  
 

Депутаттар ашық популизмнен ада болу керектігі айтылды – Есенай Іңкәрбаев

Саясаттанушы Мемлекет басшысының съезде айтқан сөздері қазақстандықтардың лайықты өмірі үшін жасалған жаңа қадам болады деп үміттенетінін айтты.

Президент бірінші кезектегі мәселе ретінде, партияның құрылымына өзгерістер енгізіп, оны тұтастай оңтайландыру қажет екендігіне тоқталды, атап айтқанда төрағаның бірінші орынбасары қызметінің орнына атқарушы хатшы лауазымын енгізуді тапсырды. Партия аппаратының сервистік модель жағына қарай қайта құрылып, қарапайым халықтың өзекжарды мәселелерін нақты түрде шеше алатын тетіктерді қолданатын жаңарту процесстерін бастауды талап етті. «Nur Otan» партиясының жаңа көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталмыш саяси институттың қатарында жүргізген құрылымдық өзгертулері мен алдына қойған айқын тапсырмалары қоғамдағы үлкен сапалық жаңартулардың бастамасы, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың заңды жалғасы, қазақстандықтардың лайықты өмірі үшін жасалған жаңа қадам болады деп үміттенеміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы