Депутаттар адвокаттар қызметінің рөлін арттыратын заңды жұмысқа қабылдады

21 Маусым 2023, 10:17
775
Бөлісу:
Депутаттар адвокаттар қызметінің рөлін арттыратын заңды жұмысқа қабылдады
Фото: BAQ.KZ

Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста адвокаттар қызметінің рөлін арттыратын заңды жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру, адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі шешу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасының негізгі мақсатын түсіндірді.

Бұл заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді.

Заң жобасының негізгі мақсаты – адвокаттар мен заң консультанттары қызметінің рөлін арттыру, қазақстандық қоғамның құқықтық қорғалуын сапалы, жаңа жай-күйін құру.

Заң жобасы адвокаттар мен заң консультанттары қызметінің тәуелсіздігіне тиісті кепілодіктер беруге, адам құқықтары мен бостандықтарын толыққанды қорғауға, азаматтарға сапалы заң көмегін көрсету үшін заңнамалық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, сот процестерінде қорғау мен айыптау тараптарының теңдігін қалыптастыруға бағытталған, - деп айтты депутат.

Комитет заң жұмысын жұмысқа алады. Мәжіліс осы заң жобасына қатысты қаулыны дауысқа салып, оны қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы