Депутат үйді санатына қарамай, кезекке бірінші тұрғандарға беруді ұсынды

24 Қаңтар 2024, 13:36
482
Бөлісу:
Депутат үйді санатына қарамай, кезекке бірінші тұрғандарға беруді ұсынды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай халықты баспанамен қамтамасыз етудің жолын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат баспана мәселесін көтеріп, еліміздегі барлық азаматты қалай баспанамен қамтамасыз етуге болатынын айтты.

Тұрғын үй бағдарламаларының шарттарын өзгерту керек. Үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін ипотекалық несиені төлем қабілеттілігін растаусыз 2% пайызбен беру қажет. Сонымен қатар, алғашқы жарна 0% пайыз болып, бірінші және екінші нарықтан пәтер алуына рұқсат берілгені дұрыс және пәтер бағасына шектеу болмауы керек. Екінші нарықтан пәтер алуға рұқсат берсек, баға өсіп кетеді деп қорқудың қажеті жоқ. Себебі жоғарыда көрсетілген санаттар саны көлге тамған тамшыдай, - деді ол.

Наурыз Сайлаубайдың ойынша, азамат қай өңірде үй кезегінде тұрса, баспананы тек сол өңірден алуға тиіс.

Сондай-ақ конкурс жыл кезегіне байланысты болғаны абзал. Яғни, үй кезегіне кім ерте тұрды, пәтер сол адамға тиесілі. Ешқандай категорияға басымдық берілмеу керек, - деп ұсыныс айтты Сайлаубай.

Өзгелердің жаңалығы