Депутат үш комитетті бір мемлекеттік органға біріктіру ұсынды

29 Ақпан 2024, 15:46
495
Бөлісу:
Депутат үш комитетті бір мемлекеттік органға біріктіру ұсынды
Фото: скрин/@senate_kz

Сенатор Лукин Үкіметті еліміздегі қауіпті және заңсыз әкелінген өнімдердің айналымы мәселесін шешуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалған сертификаттан туындайтын проблема, заң талабының бұзылуына мониторинг жасалмауы және мемлекеттік басқарудың тиімсіз жүйесі. Сенатор Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында халықты қауіпті және заңсыз әкелінген өнімдерден қорғауда жүйелі жұмыстың жоқтығы туралы айтып берді.

Сенатордың айтуынша, еліміздегі қауіпті және заңсыз әкелінген өнім айналымындағы негізгі проблема – техникалық реттеу жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі болып отыр. Мысалы, 2022 жылы ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарына субсидия алуға 38 млрд теңгеден астам сомаға 18 000 шамасында өтінім түсіпті. Оның ішінде 360 жағдайда субсидия заңсыз сертификат негізінде төленген көрінеді. Залалдың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден астам қаржыны құрады.

Андрей Лукин мәселені шешу үшін Үкімет басшысы Олжас Бектеновке өнімнің қауіпсіздігі мен тұтынушылардың құқықтарын қорғауға мемлекеттік бақылауға жауапты болу үшін техникалық реттеу және метрология, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сауда комитеттерін бір мемлекеттік органға біріктіруді ұсынды.

Заң талабының бұзылу мүмкіндігінің алдын алу мониторингі жүйесін құру аса маңызды. Ол үшін техникалық реттеу жүйесін жедел цифрландыру, кедендік реттеу, салық салу, мемлекеттік сатып алу, маркетплейстердің тізілімдерімен және дерекқорларымен интеграциялау керек. Нарыққа қатысушылардың жауапкершілігін қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру керек. Атап айтқанда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату керек. Техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау процестерінде және олардың кедендік реттеу процестерімен және басқа процестермен өзара байланысын қадағалауды қамтамасыз ету керек, - деді депутат Лукин.

Өзгелердің жаңалығы