Депутат орман аумағына интернет қосу керегін айтты

12 Ақпан 2024, 11:38
451
Бөлісу:
Депутат орман аумағына интернет қосу керегін айтты
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин өрттің алдын алу мақсатында орман аумағындағы мобильді байланыс пен интернетпен қамту аймақтарын кеңейту керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орман аумақтарын өртке қарсы жабдықтауда орман ішіндегі инфрақұрылымды жаңалау және салу басты рөл атқарады. Орман ішіндегі жолдарды дамыту схемасы мен жоспарын әзірлеу қажет, бұл айрықша ауа-райы мен орман өрттері кезінде ормандағы өрт ошақтарына тез жетуді жеңілдетеді, - дейді ол.

Жаңбыршин атап өткендей, өрттерді оқшаулау нүктелері туралы ақпаратты беру кезіндегі үлкен мәселе – орман шаруашылығы аумағында сапалы ұялы байланыс пен интернеттің болмауы.

Орман шаруашылығы аумақтарында мобильді байланыспен және интернетпен қамту аймақтарын кеңейту қажет, сондай-ақ отандық IT мамандарды тарта отырып, қымбат емес, өзімізде шығарылған мобильді және тиімді хабарлау жүйелерін әзірлеу керек. Бұл өрт ошақтарын бастапқы анықтау кезінде тиімді әрекет етуге және орман өрттерін мониторингілеу мен сөндіру барысында барлық қызметтердің өзара іс-қимылын арттыруға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин отырыста.

Мәжілісте Орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес тақырыбына арналған Үкімет сағаты өткенін еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы