Депутат ХҚКО қызметкерлерінің мәртебесін анықтауды ұсынды

10 Қыркүйек 2020, 09:38
2034
Бөлісу:
Депутат ХҚКО қызметкерлерінің мәртебесін анықтауды ұсынды

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Магеррам Магеррамов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ол пленарлық отырыста бірнеше проблемалар бойынша сауал жолданғанын, оның ішінде ХҚКО қызметкерлерінің мәртебесін анықтау туралы ұсыныс болғанын мәлімдеді.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Осы сауалмен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына үкіметтің назарын аударғым келеді. Өңірлерде болған кезде біз Мәжіліс депутаттарымен міндетті түрде халыққа қызмет көрсету орталықтарына барамыз. Егер орын алған пандемия мен карантинді енгізу осы қиын жағдайларда бірқатар мемлекеттік құрылымдардың жұмысын ұйымдастырудың белгілі бір проблемаларын анықтаса, онда ХҚО-лар бұл тұрғыда мобильді түрде қайта құру және халыққа қызмет көрсету бойынша жұмысты сапалы ұйымдастыру қабілетін көрсетті.  Біз Үкімет тарапынан ХҚО жұмысына назар аударуды күшейту қажет деп санаймыз,-деп жазды ол.

Оның айтуынша, бұл орталықтардың қызметкерлері үшін әлеуметтік ынталандыруларға ерекше назар аудару керек. 

Олар әзірге төмен жалақы мен ешқандай әлеуметтік пакетсіз жұмыс істеуде. ХҚКО  қызметкерлерінің коронавирус немесе вирустық пневмонияны жұқтыру қаупі өте жоғары, өйткені олар адамдармен тікелей жұмыс істейді. Сондай-ақ, ХҚО қызметкерлерінің мәртебесін анықтауды ұсынамыз, өйткені бүгінгі күні олар мемлекеттік қызметшілерге де, азаматтық қызметкерлерге де жатпайды.  Төмен жалақы және әлеуметтік ынталандырудың болмауы осы мекемелердегі жұмысты жас мамандар үшін тартымсыз етеді, бұл өз кезегінде кадр тапшылығы проблемасына алып келеді, - дейді депутат. 

Сондай-ақ, ол еңбекақыны көтеру кезінде бұл мекемелерде жұмыс істейтін әлеуметтік және медициналық қызметкерлер ұмыт қалатынын айтты.

Біз үкіметті қолданыстағы әділетсіздікті осы мекемелерде жұмыс істейтін барлық қызметкерлер үшін лайықты жұмыс жағдайларын жасау жағына өзгертуге шақырамыз. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша түрде жауап қайтаруыңызды сұраймыз, - деп жазды Магеррамов.

Өзгелердің жаңалығы