Депутат директоры парамен ұсталған өңірдің білім басшысын жауапқа тартуды ұсынды

8 Ақпан 2024, 17:56
1060
Бөлісу:
Депутат директоры парамен ұсталған өңірдің білім басшысын жауапқа тартуды ұсынды
Фото: Жаслан Жумабеков

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау білім саласында жемқорлықпен ұсталғандарды ашық көрсетіп, басқарма басшыларын жауапқа тартуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаттары комитет отырысында әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Тақырыпты талқылағанда депутат Нұргұл Тау өзінің ұсынысын айтты.

Білім саласындағы жемқорлықты айтып-айтып, шын мәнінде, ұялатын болдық. Қарап отырсақ, Жетісу облысы, Алматы облысы, Алматы қаласы туралы айттық. Енді мектеп директоры мен бухгалтерін ұстап жатырсыздар. Соны ашық түре көрсетіп айтсаңыздар. Мысалы, біз көбіне санын айтамыз. Алайда жауапкершілік жоқ сияқты. Процестің қалай болып жатқанын ашық көрсетсеңізер деймін. Өйткені адамдарда ертең мені де көрсетеді деген түсінік болуы керек, - деді депутат.

Нұргүл Тау Президенттің бірінші басшыларды жазаға тарту керегі (қол астындағы қызметкерлері жемқорлықпен айналысқан басшыларды – ред.) жайлы айтқанын еске түсірді.

Мысалы, Алматы және Жетісу облыстарындағы Білім басқармаларының басшылары жұмысынан кетті ме? Әлде тек мектеп директорымен ғана шектеліп отырсыздар ма? Өйткені, бір емес, қаншама мектеп. Менің ойымша, мәселеге тереңінен үңілу керек сияқты, - деп ұсынысын айтты мәжілісмен отырыста.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың сөзінше, қазіргі күні қозғалған 35 қылмыстық іс сотқа дейін тергеліп жатыр.

Конституцияға сәйкес соттың шешім бойынша ғана айыбын жариялауға болады. Бірақ біз тиісті органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Олардың аты-жөндерін біледі. Миллиондаған сомма бір айда бірнеше рет бір мұғалімге төленеді? Ол мүмкін емес жағдай. Осындай келісілген жағдайларды анықтап жатырсыз. Бәрі халыққа жеткізіледі, жеткізіліп те, ақпарат беріліп те жатыр, - деп айтты агенттік өкілі.

Ахметжанов қылмыстық іс қаралып болғаннан кейін оның нәтижесі де жеткізілетінін қоса кетті.

Өзгелердің жаңалығы