Депутат агросақтандыру саласына алаңдаулы

16 Маусым 2022, 12:38
1307
Бөлісу:
Депутат агросақтандыру саласына алаңдаулы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында депутат Ольга Булавкина елдегі агросақтандыру саласына алаңдайтынын жеткізді. 

Айтуынша, республикадағы агросақтандырудың дамуын тежейтін бірқатар факторлар бар. Осы мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына қойған депутат былтырғы бүкіл егістік алқабының 1%-ға жетпейтін көлемі ғана сақтандырылды деп отыр. 

Сонымен қатар, мысалға алар болсақ, Қазақстанға қарағанда климаттық қауіп-қатер әлдеқайда төмен болса да Еуропалық Одақ елдерінде ауыл шаруашылығы алаңдарының 60%-дан астамы сақтандыру арқылы қорғалады. Елімізде агросақтандыруға сұраныстың төмен болуына негізгі себептердің бірі – ол мемлекеттік қолдау көлемінің аздығы мен сақтандыру өнімдерін пайдалану мәдениетінің жоқтығы деп ойлаймын. Бүгінде Қазақстанда мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін сақтандыру сыйақысының 50%-ына ғана субсидия береді. Агросекторы дамыған елдерде оның мөлшері 60%-дан 95%-ға дейін ауытқып отырады, - деді депутат.

Сонымен қатар Ольга Булавкина сақтандыру мөлшеріне қатысты жоғары деңгейде субсидиялаудың маңызы жоғары екендігін алға тартты. Былтыр құрғақшылықтан Қостанай және Ақмола облыстарындағы 178 мың гектарға жуық дәнді дақылдар күйіп кеткенін мысалға келтірді. Бұл ретте өз егістіктерін сақтандырған жекелеген шаруалар ғана сақтандыру төлемдерін ала алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы