Денсаулық сақтау саласында қандай жаңалықтар болды?

1 Қаңтар 2023, 13:45
1163
Бөлісу:
Денсаулық сақтау саласында қандай жаңалықтар болды?

Осы жылдың күзінен бастап ауылдық жерлерде жасына байланысты топтар кеңейтіліп, асқазан-ішек, несеп-жыныс және тыныс алу жүйелерінің ауруларын  ерте анықтайтын ауқымды скринингтер басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрі барша қазақстандықты Жаңа жылмен құттықтады.

Жаңа жыл қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен үлкен  сенім ұялататын, жаңа өзгерістер мен жақсы жаңалықтар күтілетін тамаша мереке. Жыл сайын әдетте біз өткен жылға қорытынды жасап, келер жылға міндеттер қойып, оны орындау үшін жоспар құрамыз.

Бүкіл медицина жұртшылығы үшін өткен жыл коронавирус инфекциясы пандемиясымен байланысты қиын жыл болды.

Жыл басынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі өңірлік сапарларға бара отырып, ауылдар мен қалалардың тұрғындарымен көптеген кездесулер, жеке проблемалар бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.

Онда медицина ұжымдарымен, азаматтық сектордың белсенді өкілдерімен көптеген проблемалық мәселелер ашық талқыланып, олар бойынша жүйелі талдау жасалды және қазір жергілікті жерлерде практикалық шешімдерін табуда.

Өткен жылы ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеп, қабылдау негізгі әлеуметтік маңызды оқиғалардың бірі болды. Бұл жоба бойынша ауыл медицинасы қайта жаңғырып, тозған инфрақұрылымның орнына  заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа дәрігерлік амбулаториялардың, ФАП-тың, медициналық пункттердің жаңа ғимараттары салынатын болады.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындары жоғары технологиялық медициналық қызметтердің барлық спектрін, ең алдымен инсульт, инфаркт кезінде қалаға және республикалық орталықтарға бармай-ақ ала алатын 32 ауданаралық аурухананы техникалық және кадрлық қайта жарақтандыру жоспарлануда. Осы жылдың күзінен бастап ауылдық жерлерде жасына байланысты топтар кеңейтіліп, асқазан-ішек, несеп-жыныс және тыныс алу жүйелерінің ауруларын  ерте анықтайтын ауқымды скринингтер басталды.

Ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін биыл медициналық ұйымдардың базасында 75 дәріхана пункті, 165 жеке дәріхана ашылды, ал келесі жылы ауыл тұрғындары қажетті дәрі-дәрмектерді үй жанынан сатып ала алады.

Жалпы, іске асырылып жатқан ұлттық жоба аудандар мен шалғай ауылдарда тұратын қазақстандықтар үшін сапалы денсаулық сақтау қызметтеріне, шұғыл және мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізудегі сәйкестікті қалыптастыру үшін үлкен қадам болып табылады.

Халыққа, оның ішінде ауыл тұрғындарына медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру үшін ағымдағы жылы денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі қайта қаралды.

Өткен жылы көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің көлемі барынша ұлғайды және бүгінде еліміздің әрбір азаматы, оның ішінде ауыл тұрғындары еліміздің үздік клиникаларында заманауи ем алу мүмкіндігіне ие.

Сонымен, амбулаториялық хирургияның көлемі 1,7 есеге, консультациялық-диагностикалық қызметтер 1,5 есеге ұлғайды, 2022 жылдың 11 айында 19 528 жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың көлемінен 15%-ға артық.

Балалардың денсаулығын нығайту үшін барынша жұмыс жүргізілді және олар Мемлекет басшысының балалар жылына арналған тапсырмаларын орындау шеңберінде ерекше өзекті болды. 

Пренаталдық ультрадыбыстық скринингті ұйымдастырудың жаңа стандарты енгізіліп, 18 ұрықты сақтау орталығы ұйымдастырылды.

Жаңа туған нәрестелерге зат алмасудың 49 тұқым қуалайтын ауруына скрининг жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, бұл балалардың арасындағы мүгедектіктің алдын алуға және оны айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Жүргізіліп жатқан зерттеулердің ағымдағы көлемін ескере отырып, балаларды профилактикалық тексеру пакеттері кеңейтілді, өңірлерде оңалту және ерте араласудың жаңа орталықтары ашылуда.

 ​Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы жаңадан қосылған медициналық көмекті қаржыландыру мәселесі әрқашан өзекті болып қала береді.  Ағымдағы жылы медициналық сақтандыру төлеушілерінен шамамен 900 млрд теңге сомасындағы қаражат халыққа медициналық көмек көрсетуге бағытталды.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  қаражатының есебінен 3 есе, медициналық оңалту және консультациялық-диагностикалық көмектің есебінен 11 есе, оның ішінде қымбат көрсетілетін қызметтердің есебінен 5 есе ұлғайды.

Саланы медицина кадрларымен қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін біз жыл сайын медицина университеттерінде мемлекеттік оқыту гранттарының санын көбейтеміз. Биыл 4700 грант, оның ішінде бакалаврлар мен интерндерге - 2 700 орын, резиденттерге – 1500 орын, магистранттарға – 325 орын, докторанттарға – 160 орын бөлінді.

Жаңа жылда мен барлық дәрігерлерге, фельдшерлерге, мейіргерлерге, адам өмірін сақтау үшін тынымсыз жұмыс істеген кіші медицина қызметкерлеріне үлкен алғыс айтамын.

Сонымен қатар 2022 жылы медицина мен денсаулық сақтаудың дамуына өз үлестерін қосқаны үшін пациенттерге, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарына, журналистер мен блогерлерге қолдау көрсеткендері үшін жеке алғыс білдіремін!

2023 жыл отандық денсаулық сақтаудың одан әрі дамуы үшін қолайлы,  жағымды оқиғалар мен тамаша табыстарға  қол жеткізу жылы болатынына сенімдімін!

Бүкіл медицина жұртшылығына тағыда зор денсаулық, амандық және Жаңа жылда табыс тілеймін!             

Өзгелердің жаңалығы