Денсаулық сақтау министрлігі Royal Philips-пен меморандумға қол қойды

12 Қазан 2022, 13:42
931
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрлігі Royal Philips-пен меморандумға қол қойды

Денсаулық сақтау министрлігі мен Royal Philips компаниясы медициналық көмектің, цифрлық денсаулық сақтау қызметтерінің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, деп хабарлады BAQ.KZ.

Құжат мәтінінде атап өтілгендей, тараптар онкологиялық қызметтің сапасын жақсарту үшін барлық күш-жігерін жұмсайды, оның ішіне диагностиканың, терапияны жоспарлаудың, емдеудің және науқастарды диспансерлік бақылаудың заманауи әдістері негізінде кешенді онкологиялық көмекті жоспарлаудың және пациенттерді бағыттаудың озық тәжірибесімен алмасу кіреді.

Сондай-ақ, екі тараптың ынтымақтастығы кардиологиялық қызметтің сапасын арттыруға, соның ішінде кешенді кардиологиялық көмекті жоспарлау және заманауи диагностикалық әдістерге негізделген пациенттерді бағдарлау, терапияны жоспарлау, емдеу және науқастарды диспансерлік бақылау бойынша озық тәжірибе алмасуға бағытталатын болады.

Бұдан басқа, пациенттердің цифрлық анонимді деректеріне және цифрлық клиникалық кескіндерге қолжетімділікті арттыру және басқару, Қазақстан Республикасындағы цифрлық денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын қарастыру және жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Меморандумға Қазақстан тарапынан Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев пен Royal Philips компаниясының Үкімет және қоғаммен байланыс жөніндегі жаһандық директоры, вице-президенті Шеигронд Ян-Виллем мырза қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы