Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы ауылдық амбулаторияларды аралады

12 Наурыз 2022, 14:44
2345
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы ауылдық амбулаторияларды аралады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырау облысына жұмыс сапары барысында жақын маңдағы Береке және Алмалы ауылдарындағы екі ауылдық дәрігерлік амбулаторияда болды.

Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Береке ауылындағы бір ауысымда 25 келушіге арналған амбулаторияның жұмысымен танысты, онда тіркелген контингенттің 3044 адамына (оның ішінде 800 бала, бір жасқа дейінгі 160 бала) 2 ЖПД дәрігері, акушер, 5 мейірбике жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы ауылдық амбулаторияларды аралады

Олар диспансерлік науқастарды, жүкті әйелдерді және жаңа туған нәрестелерді алғашқы қарап-тексеруді, бақылауды жүргізеді.

Министр медицина қызметкерлерімен және облыс басшылығымен әңгіме барысында ауыл тұрғындарына көрсетілетін дәрігерлік көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы ауылдық амбулаторияларды аралады

Бұл ретте ол, бірінші кезекте, әртүрлі бейіндегі 44 дәрігер жетіспейтін өңірдегі ауылдық денсаулық сақтауды кадрлық қамтамасыз ету проблемаларын шешуге ерекше назар аударды.

Жалпы практика дәрігері Серік Құлғазиевтің айтуынша, Береке ауылында диспансерлік науқастардың саны көп, бала туу көрсеткіші жоғары, сондықтан амбулаторияның медициналық персоналына патронаж бен шақыртулар бойынша үлкен жүктеме түседі. Сондай-ақ, ол коммерциялық дәріханалардың жоқтығынан ауылдағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қол жетімділігі мәселесін көтерді, оның айтуынша, ауыл пациенттеріне тексерулерге бару қиынырақ және арнайы мамандарға жазылуды ұзақ уақыт күтуге тура келеді.

Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы ауылдық амбулаторияларды аралады

Медициналық ЖОО студенттерін оқытуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаражат бөлуді, тұрғын үй беруді және басқа да әлеуметтік қолдау шараларын, медицина қызметкерлеріне сараланған еңбекақы төлеуді қолдануды қоса алғанда, жас кадрларды ауылда бекіту үшін уәждеме құру қажет,- деп атап өтті А.Ғиният.

Министр жалпы практика дәрігерлеріне терапевтік бейіндегі әртүрлі патологиялары бар науқастарға көмек көрсете алу үшін білім деңгейін көтеруге, оқуларға қатысуға және осылайша пациенттерді арнайы мамандардың қабылдауын күтуге мәжбүрлемеуге кеңес берді.

Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы ауылдық амбулаторияларды аралады

Аспаптық диагностиканың қолжетімділігін шешу үшін министр жабдықтармен қамтылған жылжымалы медициналық кешендерді сатып алу мәселесін көтерді.

Сонымен қатар, министр ауыл тұрғындары үшін чекап түрінде кәсіби тексерулер тізбесін кеңейту, өткізілетін скринингтердің қолжетімділігін арттыру, ауылдық медицина қызметтеріне бірқатар тарифтерді арттыру бойынша жоспарлар туралы айтты.

А.Ғинияттың айтуынша, бұл шаралар сақтандырылмаған халықты қоса алғанда, ауыл тұрғындарын кәсіби тексерулермен қамтуды ұлғайтуға, нәтижесінде созылмалы аурулардың және асқынған жағдайлардың өсуін азайтуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы ауылдық амбулаторияларды аралады

Сондай-ақ, министр әр медицина қызметкерінің жалақысына, жалақының соңғы өсуінен кейін нақты қанша алатынына қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, амбулаторияның жаңа ғимаратын салу мәселесі де талқыланды.

Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы ауылдық амбулаторияларды аралады

ҚДСБ басшысы Асхан Байдувалиевтің айтуынша, 2023 жылы бір ауысымда 25 адам қабылдайтын жаңа дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған.

Министрдің барған екінші нысаны Алмалы кентіндегі бір ауысымда 25 адам қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункт болды, онда 3,7 мыңнан астам ауыл тұрғыны тіркелген.

Мұнда ескі ғимараттың орнына әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардан, тіркеу бөлімінен, клиникалық-биохимиялық зертханадан, баланы дамыту кабинетінен, аудиологиялық скрининг жүргізуге арналған кабинеттен тұратын әлеуметтік-психологиялық қызметтің болуы көзделетін дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимаратын салу жоспарлануда.

Осы жылдың басында Атырау облысының халқы 657 110 адамды, оның ішінде ауыл халқы 299 323-ті (45,5%), қала халқы 357 787-ні (54,5 %) құрады.

Облыста 91 медициналық мекеме, оның ішінде 40 мемлекеттік, 51 - жеке медициналық ұйымдар медициналық көмек көрсетеді. Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті 23 медициналық мекеме, оның ішінде 15 мемлекеттік және 8 жеке клиникалар көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы