Нұр-Сұлтанда "Денистің достары" мұз шоуы аншлагпен өтті

Нұр-Сұлтанда "Денистің достары" мұз шоуы аншлагпен өтті
4933

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше елордада "Денистің достары" мұз шоуы өтті.

Зал көрермендерге лық толы болды. Қысқа да жарқын ғұмыры ерте сөнген Денис Теннің достары бас қосты. Бұл жолы шоу қонақтары ретінде екі дүркін Олимпиада чемпионы болған Татьяна Волосожар мен Максим Траньков, әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегерлері Кейтлин Уивер мен Эндрю Поже сынды танымал спортшылар қатысты, - делінген таратылған ақпаратта.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әйгілі мәнерлеп сырғанаушы көзі тірісінде жиі ұйымдастыратын "Денистің достары" атты мұз шоуы өз жалғасын тауып, көрермендерін қуанышқа бөледі. 

Талантты спортшы Денис Тен жанкүйерлері алдында арнайы өнер көрсетуді игі дәстүрге айналдырған болатын. Әріптес достарын да шақырып, елімізде мәнерлеп сырғанау спортының дамуына үлес қосты. 

Кешегі кеште АҚШ, Ресей, Канаданың белгілі мәнерлеп сырғанаушылары көпшілікті әсерлі қойылымдарымен тәнті етті.

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде автокөлік ұрлықшыларының құрбаны болып, оқыстан қаза тапқан еді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы