Денис Теннің ісін қараған судья қайтыс болды

28 Шілде 2020, 15:50
1643
Бөлісу:
Денис Теннің ісін қараған судья қайтыс болды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбділдинов Кеңшілік Кеңесұлы 57 жасында қайтыс болды. 

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбділдинов Кеңшілік Кеңесұлының қайтыс болуына байланысты жұбайына, отбасына, туған-туысқандарына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл білдіреміз. Үлкен қайғы. Әрқашанда есімізде жарқын боласыз, - делінген сот таратқан хабарламада.

Судья Әбділдинов Кеңшілік Кеңесұлы 28.10.1963 жылы дүниеге келген.

1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1992 жылы - Әділет органдарында;

2000 жылы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратында қызмет атқарған;

2003 жылы - Алматы облыстық сотының судьясы;

2013 жылдан бастап Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болды.

Өзгелердің жаңалығы