Денис Тен туралы фильм түсірілді

24 Желтоқсан 2019, 18:09
2724
Бөлісу:
Денис Тен туралы фильм түсірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Match-TV телеарнасының шолушысы Константин Столбовский мен қазақстандық журналист Сергей Райлян 2014 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, Азия ойындарының және Уриверсиада чемпионы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туралы фильм түсірді. 

Журналистер деректі фильмде Денис Тен өміріне байланысты мұрағаттық кадрларды пайдаланды. Даңқты спортшы жайлы достары мен туыстары, спортшылар мен жаттықтырушылар естелік айтты. Олардың арасында Алексей Ягудин, Илья Ильин, Елена Водорезова, Айгүл Қуанышевалар бар.


Еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тен 1993 жылы 13 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келді. Денис Теннің негізгі спорттық жетістіктерінің қатарына Сочи-2014 Олимпиадасының қола медалі, әлем біріншілігінің күміс (2013) және қола (2015) медалі, төрт құрлық турнирінің жеңімпазы (2015), Азия ойындары (2011) және Универсиада ( 2017) чемпионы сынды атақтары бар.

Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде 25 жасында Алматы қаласының орталығында ұрылардың қолынан қаза тапты.

Өзгелердің жаңалығы