Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламада беларусь мәнерлеп сырғанаушы жеңіске жетті

28 Қазан 2021, 21:48
9385
Бөлісу:
Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламада беларусь мәнерлеп сырғанаушы жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін  елордада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі басталды.

Әр елдің конькишілері қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті.

Қысқа бағдарламада 66,14 ұпай жинаған Беларусь Виктория Сафонова жеңіске жетті.  Екінші орынды Украина өкілі Анастасия Шаботова (63, 92), үшінші орынды Әзірбайжан атынан шыққан Екатерина Рябова (63,77) иеленді.

Әйелдер арасындағы сайыстың нәтижесі:

1. Виктория Сафонова (Беларусь) – 66,14

 2. Анастасия Шаботова (Украина) –63,92

 3. Екатерина Рябова (Әзербайжан) – 63,77

 4. Эмми Пелтонен (Финляндия) – 53,71

 5. Александра Фейгин (Болгария) – 51,98

 6. Наргиз Сүлейманова (Германия) – 49,98

Өзгелердің жаңалығы