Денис Никиша шорт-тректен Қазақстан чемпионы атанды

30 Наурыз 2022, 21:30
1388
Бөлісу:
Денис Никиша шорт-тректен Қазақстан чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шорт-тректен ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша ел үздіктері анықталды, деп хабарлады Olympic.kz.

Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер есімі белгілі болды. 

Ерлер арасында Павлодар облысының өкілі Денис Никиша топ жарды. Батыс Қазақстандық Нұртілек Қажығали екінші болса, павлодарлық Еркебұлан Шамұханов үздік үштікті түйіндеді. 

 

Өзгелердің жаңалығы