Демалыста ауа райы қандай болады

27 Қаңтар 2023, 12:25
888
Бөлісу:
Демалыста ауа райы қандай болады
Фото: Арман Мухатов

Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 28-30 қаңтарға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таяу күндері Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына жоғары қысым аумағы әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. 

Қазақстанның қалған аумағы әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, соның әсерінен  қар жауып, жаяу бұрқасын және жел күшейеді. 

Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді, алайда республиканың оңтүстігінде ауа температурасының күндіз 5 градус аяз-3 градус жылыдан 5-10 градус жылыға дейін, елдің оңтүстік-шығысында 8 градус аяз-3 градус жылыдан 0-5 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы