Демалысқа кеткен депутаттар халықпен кездесуді бастады

7 Шілде 2021, 21:41
1804
Бөлісу:
Демалысқа кеткен депутаттар халықпен кездесуді бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің аймақтарында мәжілісмендердің халықпен кездесулері басталды. Қазақстандықтарды толғандыратын өзекті де түйінді мәселелерді талқылауға ерекше назар аударылады.

Депутаттар облыс және аудан орталықтарына ғана емес, шалғай елді мекендерге де барады. Әр өңірдің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыру үшін кәсіпорындардың, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарымен кездесулер жоспарланған. Сонымен қатар, халық қалаулылары азаматтарды қабылдау өткізеді. 

Жалпы халық қалаулылары сайлаушылармен мыңнан астам кездесу өткізеді. Олар екі кезеңде: осы жылдың 7-16 шілдесі мен 19-28 тамызы аралығында өтеді. Кездесулер барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілетін болады.

Айта кету керек, Мәжілістің VII шақырылымының бірінші сессиясында Палатаның қарауында 86 заң жобасы болды, оның 49-ы мақұлданып, Сенатқа жолданды. 

Депутаттар өздерінің заң шығару бастамасы құқығын белсенді пайдалана отырып, 10 заң жобасын әзірледі. Олар индустриялық-инновациялық даму, қаржы, банк жүйелері, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, өңірлік даму және т.б. мәселелерге қатысты 94 депутаттық сауал жолдады.

Өзгелердің жаңалығы