Демалыс күндері қандай ауа райы болады?

13 Желтоқсан 2021, 13:38
1472
Бөлісу:
Демалыс күндері қандай ауа райы болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 14-16 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынады.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райын, солтүстік-батыс антициклоны айқындайтын болады. Оның әсерінен температура төмендеп,  жауын-шашын тоқтайды.

Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронталды аймағында болады — мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады. Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды. Осыған байланысты мұнда да температура төмендеп,  жауын-шашын тоқтайды.

Мереке қарсаңында батыс өңірлерге Скандинавия аймақтарынан циклон жырасы әсер ете бастайды. Жауын-шашын, көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы