Демалыс күндері күн райы жылынады

15 Қаңтар 2021, 14:15
1154
Бөлісу:
Демалыс күндері күн райы жылынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, яғни 16-18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

16-17 қаңтарда республиканың батысы мен солтүстігінде Жерорта теңізі циклонының ықпалымен ауа райы тұрақсыз болады. 

Кей жерде жауын-шашын, батыста қар мен жаңбыр түрінде, солтүстікте - қар, сондай-ақ кей жерде жаяу бұрқасынмен желдің күшейеді және ауа температурасы жоғарылайды. 

Батыста кей жерде көктайғақ болады. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерде тұман болады.

Өзгелердің жаңалығы