Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 21-23 қаңтарға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады.
Республиканың батыс және оңтүстік бөлігінде Солтүстік-Батыс антициклон жотасымен, әлі де жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады, ал еліміздің солтүстік, шығыс және орталығының синоптикалық жағдайына Баренц теңізінің аудандарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге қар мен желдің күшеюін әкеледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.