Демалыс күндері елордада жәрмеңке өтеді

4 Наурыз 2023, 02:25
1005
Бөлісу:
Демалыс күндері елордада жәрмеңке өтеді
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты

4-5 наурыз күндері елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен қалалық жәрмеңке ашылады, деп хабарлайды BQ.KZ.

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жәрмеңке әр демалыс сайын Сауран көшесі, 7 мекенжайында өтеді. Кәсіпкерлер елорда тұрғындары мен қонақтарына сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, азық-түлік өнімдері, ет сиыр еті, жылқы еті, қой еті, тауық еті және т.б. тауар түрлерін ұсынады. Жәрмеңке 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, өнімдер нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылмақ.

Өзгелердің жаңалығы