Демалыс күндері ауа райы қандай болады

29 Қазан 2022, 11:24
13919
Бөлісу:
Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктер 29-31 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайтын болады. 

Жауын-шашын болып, 30 қазанда Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман, батыста жаяу бұрқасын болады.

Ауа температурасы:  батыста түнде 2 аяз – 8 жылыдан 2-11 жылыға дейін, күндіз 3-12-ден 7-17 жылыға дейін жоғарылайды; 

солтүстік-батыста түнде 13 аяз - 2 жылыдан 7 аяз - 3 жылыға дейін, күндіз 5 аяз-8 жылыдан 0-10 жылыға дейін жоғарылайды;

солтүстікте түнде 5-10 аяздан 7 аяз -2 жылыға дейін, күндіз 3 аяз-2 жылыдан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды; 

түнде орталықта 5-13 аяздан 3 аяз - 5 жылыға дейін, күндіз 3 аяз - 8 жылыдан 0-8 жылыға дейін жоғарылайды; 

шығыста түнде 5-13 аяздан 6 аяз - 3 жылыға дейін, күндіз 7 аяз - 2 жылыдан 0-8 жылыға дейін жоғарылайды;

Өзгелердің жаңалығы