ДДСҰ тұмауға қарсы дәрі өндірушілерге тергеу жүргізіп жатыр

25 Қаңтар 2023, 17:40
1613
Бөлісу:
ДДСҰ тұмауға қарсы дәрі өндірушілерге тергеу жүргізіп жатыр

Былтыр аталған сұйықтықтан жасы 5-ке толмаған 300-ге жуық бала қайтыс болған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Қазан айында Гамбияда 66 жеткіншек көз жұмды. Осындай қайғылы оқиғалар Индонезия мен Өзбекстанда да тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шикізатты жеткізгендер туралы қосымша ақпарат іздеп жатыр. 

Қатерлі препараттарда денсаулықа қауіпті заттардың мөлшерден тыс болғаны анықталған.  

Сұйықтыққа өндірісте қолданылатын еріткіштер мен антифриздер ретінде қолданылатын улы химиялық заттар қосылған. Оны аз көлемде қабылдағанның өзінде өмірге тікелей қауіп төндіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы аптада өз тергеуін бастады, - деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Өзгелердің жаңалығы