ДДСҰ Sputnik V вакцинасын мақұлдау неге кешігіп жатқанын түсіндірді

29 Желтоқсан 2021, 14:15
1459
Бөлісу:
ДДСҰ Sputnik V вакцинасын мақұлдау неге кешігіп жатқанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ-ның өкілі Маргает Харрис ресейлік Sputnik V вакцинасының мойындалу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы ол RT арнасына берген сұхбатында мәлім етті. Оның айтуынша, препараттың әлі де қабылданбауы «технологиялық процестерді тексерумен» байланысты. 

Шенеуніктің түсіндіруінше, вакцинаны төтенше жағдай кезінде пайдалану үшін ДДСҰ препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы мәліметтерді, сондай-ақ өндіріс технологиясы бойынша құжаттама сұралады. 

Көбіне технологиялық процестерді тексеру, сараптама жүргізу көп уақытты қажет етеді, -деді Харрис.

Сондай-ақ ДДСҰ өкілінің сөзінше, басқа да вакциналар осы этаптан өтіп жатыр. 

«Спутник V» жалпы төрт миллиард халқы бар 71 елде мақұлданған, бұл әлем халқының 50 пайызынан астамы. «Спутник V» мемлекеттік реттеушілерден алған рұқсаттар саны бойынша әлемде екінші орында.

 

Өзгелердің жаңалығы