ДДСҰ ресейлік вакцинаның сапасын тексеріп жатыр

19 Қараша 2020, 17:33
1332
Бөлісу:
ДДСҰ ресейлік вакцинаның сапасын тексеріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спутник V вакцинасын өндірушілер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының штаб-пәтеріне сертификаттауға өтініш берді. 

Бұл туралы ДДСҰ-ның Ресейдегі ресми өкілі Мелита Вуйнович Мәскеу Эхо радиостанциясына берген сұхбатында хабарлады.

Оның айтуынша, ДДСҰ әлі бірде-бір вакцинаны жариялаған жоқ, себебі әр вакцина алдымен Emergency Use Listing бағалау жүйесінен өтуі керек.

Бұл - пандемия жағдайында жасалатын шартты сертификаттау. Елдегі барлық вакцина осындай сертификаттаудан өтуі керек, Ресей Федерациясында Спутник V вакцинасын өндірушілер ДДСҰ штаб-пәтеріне сертификаттауға өтініш берді, - деді Вуйнович.

Айта кетейік, 11 тамызда Ресей Президенті Владимир Путин Ресей коронавирус вакцинаны тіркеген әлемдегі алғашқы ел болды деп мәлімдеді. Кейінірек ол Спутник V деп аталды.

Ресейде оның тиімділігі 92%-ға бағаланды. Оның сынақтары кезінде 20 адам коронавирус жұқтырғаны туралы хабарланды, бірақ ол әлі де өндіріледі.

Өзгелердің жаңалығы