ДДСҰ Қытайда науқастардың көбеюіне алаңдаулы

22 Желтоқсан 2022, 19:43
1207
Бөлісу:
ДДСҰ Қытайда науқастардың көбеюіне алаңдаулы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда коронавирустың өршуіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кейбір болжамдарға қарағанда, келесі жылы бұл елде инфекция өрши түсіп, миллиондаған адамның өліміне әкелуі мүмкін.

Бұл орайда халықаралық медициналық мекеме Қытай үкіметінің тұрғындарды иммундауға бағытталған әрекетіне оң баға берді, деп жазады qazaqstan.tv.

Жаппай шерулерден кейін елде желтоқсанның басында локдаун ережелері жеңілдетілді. Содан бері науқастар саны күрт артып отыр.

Өзгелердің жаңалығы