ДДСҰ Оңтүстік Судандағы белгісіз сырқаттан қайтыс болғандарды зерттеп жатыр

15 Желтоқсан 2021, 23:01
1213
Бөлісу:
ДДСҰ Оңтүстік Судандағы белгісіз сырқаттан қайтыс болғандарды зерттеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жедел қимылдау тобын Оңтүстік Суданға жөнелтті, бұған дейін ол жақта "белгісіз аурудан 89 адамның қайтыс болғаны" туралы ақпарат тараған. 

Бұл жөнінде британдық BBC агенттігі хабарлады.

Азаттықтың мәліметіне қарағанда, алғашқы сынақ нәтижесі аурудың тырысқақ (холера) емес екенін көрсеткен. Көз жұмған адамдардың барлығы елдің шығысындағы Джонгл штатында тұрған. Жуырда бұл аумақта ірі су тасқыны болып, тұрғындар зардап шеккен. Мамандар оны соңғы 60 жылдағы ең ірі сел апаты деп атаған.

ДДСҰ сарапшылары зерттеу жүргізіп, аурудың тарау қаупін бағалауы тиіс деді ұйым өкілі агенттікке.

Мамыр айынан бері Оңтүстік Суданда жарты миллионға жуық адам су тасқынының салдарынан үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған.

Өзгелердің жаңалығы