ДДСҰ: Коронавирус инфекциясынан өлім-жітім азаймай тұр

9 Ақпан 2022, 19:33
1294
Бөлісу:
ДДСҰ: Коронавирус инфекциясынан өлім-жітім азаймай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада әлем бойынша 19 млн-нан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Олардың 68 мыңы қайтыс болды деп хабарлайды ТАСС. 

Індетті жұқтыру дерегі алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда, 17%-ға төмендеген. Алайда өлім-жітім деңгейі 7%-ға артты. 

ДДСҰ-ның апта сайын шығатын бюллетенінде «31 қаңтар мен 6 ақпан аралығында COVID-19 жұқтыру бойынша жаңа жағдайлар алдыңғы аптамен салыстырғанда 17%-ға азайды» деп жазды. Ұйымға 19 276 472 адамның індет жұқтырғаны және 67 953 адамның қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. 

Шығыс Жер Орта теңізі аймағында вирусқа шалдыққандар саны 36%-ға артқан. Ал Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африкада аурушаңдық деңгейі 36%-ға, 32%-ға және сәйкесінше  22%-ға төмендеген. Дүние жүзіндегі бір апта ішінде инфекция жұқтырудың барлық жаңа жағдайының 58%-ы тиесілі Еуропада бұл көрсеткіш 7%-ға азайыпты. Өлім-жітім Оңтүстік-Шығыс Азияда 67%-ға, Шығыс Жер Орта теңізінде - 45%-ға және Еуропада  2%-ға көбейген. Сонымен қатар Африкада ол 7%-ға, ал Батыс-Тынық мұхит аймағында 5%-ға азайыпты. 

7 күн ішінде ең көп індет жұқтырғандар бойынша АҚШ 1 874 006 көрсеткішпен көш басында тұр. Әрі қарай Франция (1 738 189), Германия (1 285 375), Бразилия (1 241 025) және Үндістан (1 095 616) орналасқан. АҚШ-та бір апта ішінде 14 090 адам вирустан көз жұмды.  

Өзгелердің жаңалығы