ДДСҰ бұдан былай карантин шараларын енгізбеуді ұсынды

17 Тамыз 2020, 17:45
2873
Бөлісу:
ДДСҰ бұдан былай карантин шараларын енгізбеуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Себебі карантиннің салдары пандемияныкінен ауыр, деп жазды korrespondent.net сайты. 

Ұйымның бас эпидемиологі Мария Ванның мәліметінше, коронавирусты тежеу үшін әлеуметтік арақашықтық пен сақтық шаралары жеткілікті.

Қытайда коронавирус өршіп тұрғанда, ДДСҰ елмен шекараны жабу ұлтаралық теңсіздік туындатуға алып келетінін, туристерді шектеудің қажеті жоқ екенін мәлімдеген еді. Кейіннен індет әлемнің көптеген елін шарпығанда, ДДСҰ шекараны жабу дұрыс мәселе болғанын растады. Содан кейін айлар бойы ұйым сарапшылары масканың дені сау адам үшін тиімсіз екенін айтып сендірсе, артынан ауру да, сау да оны киюге міндетті деп шешті. 

Барлық елге қатаң карантин шараларын енгізу қажет деп дабыл қаққан ұйым бүгін локдаунның салдары пандемияның салдарынан ауыр екенін айтып, індеттің келесі толқындары кезінде оны енгізбеуге шақыруда. 

Ұйым эпидемиологі бетперде мен әлеуметтік арақашықтық пандемиядан сақтану үшін жеткілікті деген тоқтамға келген.


Өзгелердің жаңалығы